БАСЫН АШЫП АЛАТЫН МӘСЕЛЕ
Менің бұл мәселеге үнемі жүрегім ауырады. Мәселе - қазақ қызы хақында. Түркияға барған алғашқы екі-үш ай жүрегім ауырып жүрді. Кештер, іс-шараларда Талай қазақпен, қазақ қызымен танысасың. Сөзден сөз шығып, жігітінің, күйеуінің түрік не араб тектес екенін айтады. Сұлу сөзбен, жақсы мүлікпен арбап алған. Себебі, кез келген түрік, еуропалық не араб Орта Азиядан, Қазақстаннан қыз алғысы келеді. Біздің қыздар - көнбіс, аңғал, өз құқығын жіті білмейді. Өздері талай айтқан. Түрік қыздары тамақ жасау, үй күтімі мен балаға қарауға келгенде - сараң. Жұмысқа шығып, еркектің тірлігіне араласып отырады. Байына тиісіп, берекесін кетіреді. Бірден бөлек шығады. Артық туысқанды, келімді-кетімді кісіні ұнатпайды. Сол үшін Түркияда аралас неке өте көп. Түрік жігітттері аңғал, көнбіс, бойшаң, сұлу, қазанын көтеріп, табағын тарта кететін Орта Азия қыздарына құмар! Былайша айтқанда, қатын емес, КҮҢ іздейді.
Бірде жатақханада тамақ ішіп отырдым. Африкалық бір жігіт жаныма келіп танысты. Сөйлесіп жүрген қызым қазақ, сен де қазақ болған соң араласайын деген едім деді. Мен ашығын айту керек, “к*тіңді қыс” дедім. Сөйтсем, қыз да кетәрі емес екен. “Не шатағың бар?” деді.
Одан бұрын бір украин жігіті де қазақ қызымен жүргенін мақтан қылып айтқан.
Көңіл-күй жоқ, Менен алдын, сегіз жыл Түркияда оқыған туысқан әпкеме хабарластым. Ойымды айттым.
- алло, әпке. Маған қазір сыртта осының бәрін көріп-біліп жүру ауыр тиюде… Түрікке үйленген, басқа жігіттердің етегінен ұстап, еріп кетіп жатқан Қазақтың қызы көп… Барлығына бола шашыла беруден шаршадым. Не істеуге болады?
Әпкем:
- сенің ұлтшыл екеніңді білемін. Бірақ мұны қабылдай білуің шарт. Отбасында айтылмаған, санасына құйылмаған нәрсені сен оларға барып үгіттей, үйрете алмайсың. Жетпілдеп жүрсе, жөніне салатын ата-анасы мен туған аға-інісі бар. Әй қайдам?! Қазір бәріне бәрібір болып кетті ғой.
- сонда да…
- мені де кәсіпкер түріктің бір жігіті талай айналдырмақ болды. Ұлттық сана деген нәрсе жібермейді екен (Әпкем журфакта сабақ береді). Оған тек қазақ жігітімен отау құратынымды айтып, жөніне жібердім. Мен де сен секілді оқығанда Қасымдағы арабпен, сириялықтармен, тіпті, сириялықтармен жүріп жүрген қазақ қыздарын ойлап, жиі көңілім түсетін.
Кейін барлығына қолымды бір сілтейтін болдым. Отбасы жөнге салмаған оларды, сен тәрбиелемейсің. Тыныш жүр, өз қара басыңның қамын ойла деп қашанғы айтам саған? - деді біраз жекіп. Өз әпкем ұрысқан соң, қарсыласа қоймадым.
Жатақханада бірге тұрған екі інімнің құжаты дұрыс болмай елшілікке барады ғой. Елшілікте шетелдік күйеуі қамап ұстап, дала көрсетпеген, кетейін десе, баласын ала алмай жүрген, оның үстінен тоқал алып алған, кезінде сиқыр сөзге алданып, зар илеп жүрген қазақ әйелдері көп екен деп айтып келді. Таңертең тұрған кезегі түстен кейін бірақ жылжыған.
Кітапханада бірге диссертация жазып жүрген түрік жігіті шайға шақырды. Шай үстінде:
- жақсы қазақ қыздары бар ма?- деп бастады әңгімесін.
- сен мұндай сұрақ қойып, үлкен қателік жасап отырсың, - дедім бірден.
- Бізге түрік қыздары қарамайды, біз оларды, олар бізді менсінбейді. Түрік пен түрік үйленіп, қазір берік іргелі, саналы отбасы құруы - қиын. Себебі, олардың әйел ретінде шаруаға араласуы қиын, желкеңе мінеді. Мен сол үшін татар қызымен сөйлесіп жүрмін. Менің достарым да солай. Өзбек, қырғыз, қазақ қыздары, - деді.
Қазір Тик-токта, инстаграм, фейсбукта шетелден бай тауып, оны мақтан етіп, қазақ жігіттерін күстаналап жатқан контенттер өте көп.
Қазақ - қызын оқытып, білім беруді жөн санайтын ұлт. Ал, ер бала әке-шешесіне қарайласып, қаржының қамымен, үйдің жайымен көбіне кейіндеп, қарайып қалады. Ата-анасының жайын, туған-туысты ойлап, үй төңірегінен алыстай алмайды. Бірақ адамдығы басым… Еңбекқор. Ешкімді өтірік алдып-арбамайды. Тік мінезді.
Қыздар әлеуметтік тұрмыс деңгейінің кесірінен білімін дұрыс ала алмаған жігітті қайтсін? Дүние-мүлкіңе де құмартып тұратындары шықты сосын. Ең жақсы варианд - шетел асу.
Бірнәрсе десең, таңдауына құрмет көрсет дейтін болды қазір. Таңдаудың түр-түріне бармай-ақ саналы туып, саналы өмір сүруге болады.
Текті деп тепсініп шығаатынымызды осындайда көрсетуіміз керек”.
Бассейнге түсу үшін қан тапсыру керек болды. Қан алатын медбике жасы келген татар кісі екен. Есіктен кіре бере бидай өңді түрін танып, “Босағадан кіргенде қазақ сәлем береді” дедім. “Босаға” деген сөзді естіп, көңілі босады. Татарда да бар сөз екен. Апамыз 50 жыл “босаға” сөзін естімепті. Біраз балалығын айтты. Сосын:
“Түрікке тигенім үшін әкем 13 жыл менімен сөйлеспеді. Мен де ақымақ болыппын. Қазір балаларымның бәрі түрік. Татарлық бір сиқы жоқ. Жасым келген сайын жаным ауырады. Біз де қазақ секілді аз халықпыз. Тереңнен ойламаған екенбіз ғой” деді.
Математикада пропорциялық қатынас деген формула бар. Сен өзге ұлтпен қыз алысып, қыз берісуің үшін, саның, тегің, болмысың да бара-бар болуы тиіс. Біз аз ғана ұлтпыз ғой, бәріміз желпілдеп, қызы түрікке тиіп, ұлы орыстан қатын алып кетсе, САФ қазақ қайда қалады.
Менің дәп қазір 10 түрік қызын әкеліп, айды аспаннан шығататын шамам бар. Тойсыз-ақ тиеді олар. Бала, ұрпақ ше? Қан, тек ше?
Осыны ойланған біреу бар ма?
Бос мақтанға елтіген - ОҢАЙ…
Көп байқаймын,осында, фейсбукта да бар, жалпы, ҚАЗАҚТЫҢ ЖІГІТТЕРІН ТӨМЕНДЕТЕ БЕРГЕНДІ ҚОЮ КЕРЕК. Қазақ жігітіне тіреу, сүйеу болыңдар одан да. Біз де ешкімнен артық болмасақ, кем емеспіз.
Қастай Дастан (Facebook)