1942 жылы АҚМОЛА ӨҢІРІНДЕ 106-шы кавалериялық дивизия құрылады. Совет солдаттары бұ кезде ппш дейтін иегінде дөңгелек оқшантайы бар автомат ұстап жүрген. Ал бұл дивизияда автоматтың 1 штугі де жоқ. 4091 солдатқа 102 ғана винтовка беріліпті. Орыс еместерді қарусыз шабуылға шығара берген,-дегенді әдебиеттерден көп оқығам. Атам марқұм, офицерлер біздерге (қазақ-өзбек) винтовка таратқанда 3 адамға 1-еуден беретін. Керек болса, немістен тартып ал,-деп жекуші еді. Шабуыл басталғанда, қаруы бардың қасында желпілдеп жүгіретінбіз. Ол оққа ұшса, лезде келесіміз винтовканы ала қойып, алға жүгіруші ек,-деп айтып отыратын. Сенбеп ем, кешір...